🇰🇿🚗 Қазақстанның автокөлік өнеркәсібі: рекорд қайдан шықты?

💬 «Қазақстанда көлік өндірісі жоқ, бәрін сырттан әкелеміз» - әлеуметтік желілерде мұндай пікірді жиі көруге болады. Ал ресми деректерді тексерсек, 2025 жыл отандық автокөлік өнеркәсібі үшін тарихи рекордпен аяқталғанын көруге болады.

🤔 Қалайша? Қандай зауыттар жұмыс істеп тұр? Бұл өсім ненің есебінен болды? Қарапайым тілмен түсіндіріп көрейік.

Ең алдымен - негізгі сандар

«Қазақстан автомобиль одағының» дерегіне сәйкес, 2025 жылы елде 171 144 автокөлік шығарылды және бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,8%-ға артық көрсеткіш. Ал жалпы өндіріс көлемі 2,3 трлн теңгеден асқан. Яғни, автокөлік жасау - жай ғана бір сала емес, экономиканың драйверіне айналып отыр.

Автоөнеркәсіп неге маңызды?

Бір қызығы, бүгінде автокөлік өнеркәсібі машина жасау саласының 41,7%-ын және өңдеу өнеркәсібінің шамамен 8%-ын құрап отыр. Одан саланың өнеркәсіптік өсімнің негізгі қозғаушы күші мәртебесін сақтап қалғанын аңғарамыз. Қарапайым айтқанда, зауыттағы әрбір шығарылған көлік - жұмыс орны, салық, тапсырыс және қосымша өндіріс деген сөз.

Инвестиция қайдан келді?

2025 жылы бұл салаға 113,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл қаржы ескі зауыттарды жаңғыртуға, жаңа өндіріс орындарын іске қосуға және автокомпоненттер өндірісін кеңейтуге жұмсалған. Соның нәтижесінде: Алматы мен Қостанайда Astana Motors Manufacturing Kazakhstan және Kia Qazaqstan зауыттары іске қосылды.

Жұмыс орындары көбейді

Өндірістің өсуі еңбек нарығына да әсер етті. Осылайша, автомобиль өнеркәсібіндегі жұмысшылар саны 11 153-ке дейін артқан. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 62,2%-ға артық. Яғни, автозауыттар тек көлік шығарумен ғана айналыспай, халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етті.

Қандай көліктер көп шығарылды?

Әдеттегідей, жеңіл автомобильдер саланың ең үлкен үрлесін құрады:
• жеңіл көлік — 158 944 бірлік (+19%)
• коммерциялық техника — 12 200 бірлік (+8%)

Кімдер көш бастап тұр?

Өндірушілер арасында Allur (Қостанай) 92 100 көлік бірлігімен көш бастаса, Hyundai Trans Kazakhstan былтыр 52 040 көлік шығарған. Жаңа Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты да оң нәтиже көрсетті. Зауыт іске қосылған соң, алғашқы айларда 15 180 көлік шығарған. Ал, Kia Qazaqstan 2 885 көлікті жинап үлгерген.

Бұдан еліміздегі автокөлік өнеркәсібі саласының қарқынды дамып жатқанын көруге болады. Бұл - өндірісті жергіліктендіру, жеткізу тізбегін дамыту, инвестиция тарту, экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған ұтымды мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі саланың тұрақты өсуін, жоғары қосылған құны бар өнім үлесін арттыруды алдағы жылдары да жалғастыруды көздеп отыр.

💬 Қысқасы, «Қазақстанда автокөлік өндірісі жоқ емес» бар. Тіпті аталған сала былтыр оң нәтиже көрсетіп, ел экономикасының дамуының тағы бір дәлелі болған.
 
 
Back to Top